Павлодар облысының әкімдігі Т71 млн-ға «жедел жәрдем» көліктерін сатып алды

Күні: 18:55, 16-06-2015.

Павлодар. 16 маусым. ҚазТАГ  Павлодар облысының әкімдігі Т71 млн-ға «жедел жәрдем» көліктерін сатып алды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
38 көлік бірлігі облыстық бюджет қаражатынан 71 млн теңгелік сомаға сатып алынған. Медицина жұмыскері Күнінің қарсаңында өңір басшысы Қанат Бозымбаев аудандық және қалалық ауруханалардың бас дәрігерлеріне кілттерін табыс етті.
«Жедел жәрдем қызметіне үлкен мән берілуде және мақсаты жұмыс жүргізілуде. Халыққа жедел жәрдем көрсету сапасы 98%-ға көтерілді, 1-3 санаттағы шақыртулар бойынша жедел жәрдем бригадаларының жету уақыты 9 минутқа азайды. Осы жаңа автомобильдерде жұмыс істейтін медициналық бригадалардың кәсіби медициналық көмек көрсету үшін пациенттерге дер кезінде жетіп баруды қамтамасыз етететіне сенімдімін», - деп атап өтті Қ. Бозымбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: