Павлодар облысының әкімі қарамағындағыларға өнеркәсіптік емес саланы дамытуға күш салуға кеңес берді

Күні: 14:59, 23-10-2014.

Павлодар. 23 қазан. ҚазТАГ - Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев қарамағындағыларға өнеркәсіптік емес саланы дамытуға күш салуға кеңес берді.
«Болашақта металл бағасы немесе электр энергиясы,   метал шығару өседі деген болжам жоқ.  Сондықтан біз сіздермен қазір шаралар қолданып жатқан өнеркәсіптен басқа өнеркәсіптік емес саланы дамытуға да назар аударуымыз керек. Қала және аудан әкімдеріне азаматтық құрылыс үшін жер телімдерін беру жұмыстарын жандандыру қажет.  Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға да жағдай жасалу керек», - деді Қ.Бозымбаев бейсенбідегі кеңейтілген кеңесте.  
Әкімдік ақпарынша, өнеркәсіпте жағымсыз динамика орын алып отыр.   Кәсіпорындар Т788,8 млрд ақшаға өнім өндірген, ал өнімнің физикалық көлемінің индексі 98,2% құрайды. Таң-кен өндіру және  карьерлерді әзірлеуде ол  барлық өнеркәсіптік өндірістің  9,6%-ын құрайды.   Былтырмен салыстырғанда 7,2% қысқарған. Өндірісте көрсеткіштер 7,5% төмендеген, бұл тұтынушылар сұранысының төмендеуімен байланысты.  
«Ағымдағы жылы  152,5 мың тонна өңделмеген алюминий шығарылған.  Бұл 18%-дан артық төмендеген деген сөз.  Алюминий оксидін шығару бойынша көрсеткіш  11,4% төмендеген. Ал көмір өндіру  -  10,9% -  Верхнетагиль, Троицк МАЭС, Екібастұз МАЭС-1 тұтунышылар сұранысының азаюына байланысты.  Электр энергиясын өндіруде де   2,8%-ға төмендеу байқалады», - делінген әкімдік хабарында.


Жаңалықтармен бөлісу: