Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ұсталды және УҰИ-ге тоғытылды – дерек көзі

Алматы. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ұсталды және уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) тоғытылды, деп хабарлады жағдаймен таныс дерек көзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ ХАА.
«Әкім Болат Бақауов ұсталды. Оны Павлодардағы УҰИ-ге қамады», - деп хабарлады жұма күні агенттік тілшісіне дерек көзі.
Еске салайық, 15 қаңтарда ҚазТАГ ХАА Екібастұз әкімдігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, әкім Бақауовтың Екібастұздағы жоспарланған шараға келмегенін және оның көмекшілерінің біреуін ҰҚК қызметкерлері ұстағандығы туралы ақпаратты хабарлаған болатын. Алайда арнайы қызметтердің өздері, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми растамады. Агенттіктің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі облыс әкімінің уақытша ұстау изоляторына және Павлодардағы тергеу изоляторына жеткізілмегенін айтты.
Кейін әкімшіліктен бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және жедел хабарламаларда таратылған Павлодар облысы әкімінің ұсталғандығы және жауап алынғаны туралы аудио жазбалар мен хабарламаларға түсініктеме берді. Баспасөз қызметі «қазіргі уақытта бұл ақпарат ресми расталмай отыр» деп атап өтті. Сондай-ақ әкімшіліктегілер «ресми деректер пайда болғанға дейін қорытындылардан аулақ болуды» сұрады.
Сол күні жағдаймен таныс дереккөз агенттікке Бақауов пен оның кеңесшісінің облыстың Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратында болғанын айтты. Ол Бакауовтың кеңесшілерінің қайсысы әкіммен бірге ҰҚК ғимаратында болғанын көрсетпеді, бірақ «кеңесші әйел» деді. Айта кету керек, ұзақ уақыт бойы Татьяна Фишер Бакауовтың жалғыз әйел кеңесшісі болып табылады.
16 қаңтарда Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет «қазіргі уақытта Павлодар облысының әкімдігі қалыпты режимде жұмыс істейді. Облыстың бүкіл басшылығы жұмыс орнында, жалғыз мәселе - облыс әкімі қазір әкімдік ғимаратында емес, ол қазір Павлодар қаласында жұмыс бабымен (жүр - ҚазТАГ), - деді сәрсенбіде журналистерге. Айта кету керек, сол күні әкімшілікте екі алқа отырысы жоспарланған болатын, олар болмайтын болды.
Алайда 15 қаңтар күні кешкісін ҰҚК қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Павлодар облысының әкімі Бақауовқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында қарастырылған қылмыстық іс бойынша тергеу және жедел шараларын жүргізгенін хабарлады. «Тергеу амалдары жалғасуда»,- делінген хабарда.
Бақауов 2016 жылдың наурызында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған, ал бұған дейін - 2014 жылдың сәуірінен наурызына дейін - Павлодар қаласының әкімі, ал одан бұрын - 2011 жылғы қазаннан 2014 жылғы сәуірге дейін - Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі болған.

adimage