Павлодар облысының әкімшілігі мен жаңа ТКБК басшылығы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету туралы уағдаласты

Павлодар. 2 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысының әкімшілігі мен Екібастұз аумағында құрылысы аяқталып келе жатқан жаңа ТКБК (тау-кен - байыту комбинаты) басшылығы ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету туралы уағдаласты, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Павлодар облысы әкімі Қанат Бозымбаевтың Бозшакөл ТКБК-не барғанда жұмыс орындарының басым бөлігін 1 шетелдік жұмысшыға жергілікті 2 жұмыс орны есебімен Павлодар облысының жерлгілікті тұрғындарына беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Бүгінге «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС тау-кен - байыту кешен құрылысы 90% аяқталды. Хабарда айтылғандай мыс комбинатының ашылуы биыл жыл соңына қарай болады. Жобаның жалпы құны $2,2 млрд. Кешенді пайдалануға тапсырған соң жалпы жұмыс орны 1,5 мың адам болады.
«KAZ Minerals» басқарма бастығы Олег Новальчуктың айтуынша, кенді өңдеудің жобалық қуаты жылына 30 млн тонна, алғашқы он жылда катодтық мыс концентратымен есептегенеде мыс өнімі 100 мың тонна болады.
«Өндірісті іске қосқан соң дайын өнімді басқа елдерге экспорттау, оның ішінде ең алдымен Қытайға экспорттау жоспарда. Келешекте Қазақстан аумағында мыс балқыту зауытын салу бар», - деді О. Новальчук.

adimage