Павлодар облысының үшінші ауданында құс тұмауы анықталды

Күні: 19:18, 25-09-2020.

Павлодар. 25 қыркүйек. ҚазТАГ - Павлодар облысының үшінші ауданында құс тұмауы анықталды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Железинск ауданы Қазақстан ауылдық округі Жаңа-жұлдыз ауылында құс тұмауы анықталды, ауыл әкімі жоғарыпатогенді құс тұмауының анықталуына байланысты шешім қабылдайтын болады. Сонымен қатар, Ертіс ауданы Ағашорын ауылында паталогиялық материал оң нәтиже беріп отыр. Бұл жерде 56 бас құс қырылып қалған. Ақтоғай және Баянауыл аудандарының аудан орталықтары да күдікке ілініп отыр, бұл жерлерде де құстардың қырылуы байқалуда, паталогиялық материал Ветеринарияны референциялау мониторингінің ұлттық орталығына жолданған», - деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылықминінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков жұма күні.
Еске салсақ, бұған дейін Железинск ауданы Ақтау ауылы мен Тереңкөл ауданы Трофимовка ауылында құс тұмауының анықталуына байланысты карантин орнатылған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: