Павлодарда 78 млн теңгеге сатып алу жоспарланған ӨЖЖ аппараттарын «экспертті классты» деп атады

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ – Павлодарда 78 млн теңгеге сатып алу жоспарланған ӨЖЖ аппараттарын «экспертті класcты» деп атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ӨЖЖ үш аппаратын сатып алу конкурсы әлі өткізілген жоқ. Қазір тек бағалық ұсынымдарға сұраныс жүргізілуде. Техникалық ерекшелік goszakup.gov.kz сайтында хабарландыру шыққан күні, яғни 2020 жылдың 6 шілдесінде жарияланды (экран суреті мен техерекшелік құжатын қоса жалғаймыз). Техникалық ерекшелікке сәйкес стационарлық емдеу үшін арнайы экспертті кластағы ӨЖЖ аппараттары қажет. Ондай аппараттар интеллектуалды желдету жүйесімен жабдықталған және жан сақтау бөлімшелерінде қолданылады», - деді ҚазТАГ агенттігіне бейсенбі күні №1 Павлодар қалалық ауруханасынан.
Медмекеменің ақпарынша, «мұндай сапалы құралдың нарықтағы құны – Т20 млн. басталады».
«Бұл ретте Т600 мың тұратын ӨЖЖ аппараттары портативті болып табылады және жедел-жәрдем бригадасына арналған. Мұндай ӨЖЖ аппараттарын негізінен науқасты тасымалдау кезінде қолданады және олар стационарлық емдеуге арналмаған», - деп мәлімдеді Павлодардағы қалалық ауруханfдан.
Еске салсақ, ҚазТАГ ХАА 8 шілдеде Павлодарда үш ӨЖЖ аппаратын Т78 млн-ға сатып алмақшы екенін хабарлаған еді.
Салыстыру үшін Семейдегі жедел-жәрдем медициналық станциясы 7 шілдеде ӨЖЖ аппаратының 25-ін 15,5 млн. теңгеге сатып алуға конкурс өткізді, яғни әрқайсысы Т620 мыңнан. Ал Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы 24 маусымда ӨЖЖ 60 аппаратын Т37,2 млн. сатып алуға (әрқайсысы Т620 мың) конкурс жариялаған.
Павлодарлық аурухананың мемпорталдағы бағасына Изатима Жекенова ат. Алматы қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы өткізген конкурс бағасы жақын, олар наурыз айының ортасында бір ӨЖЖ аппаратын Т25,7 млн. бағамен сатып алған.

adimage