Павлодарда қалалық сенбілікке 40 мыңнан астам адам жұмылдырылмақ

Павлодар. 9 қазан. ҚазТАГ – 10 қазанда Павлодарда өтетін қалалық сенбілікке 40 мыңнан астам адам жұмылдырылмақ, деп хабарлады қала әкімдігінен.
  
«Сенбілікке облыс және қалалар әкімдіктерінің, басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері, 110 ірі кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыскерлері, сонымен қатар қалалық көшелерді жинайтын ұйымдардың өкілдері қатысады. Білім нысандарына іргелес орналасқан учаскелер мен жалпықалалық аумақтар қоқыстан тазартылатын болады», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

ТҮКШ бөлімінің ақпараты бойынша, қалалық сенбілікке 40 мыңнан астам адам және мердігер ұйымдармен бөлінген 150 бірлік көлік жұмылдырылады. Бұдан басқа, қалалық кәсіпорындар мен жеке меншік ұйымдар көлікпен қамтамасыз ететін болады.

Жалпы ауданы 300 шаршы шақырымға жуық аумақтан жалпы 20 мың тонна қоқыс шығарылады деп жоспарлануда.

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы да назардан тыс қалмай, қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға шақырады.

Сенбілік күні қатты тұрмыс қалдықтары қалалық қоқыс тастайтын жерге тегін қабылданады.

adimage