Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды

   Павлодар.8 маусым.ҚазТАГ- Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды, деп хабарлайды ҚР ішкі- істер министрлігінің баспасөз қызмметі.
   «6 маусымда 78 жастағы зейнеткердің үй телефонына ер адам қоңырау шалып, оның ұлы ЖКО жасағанын және 20 млн теңге төлеу қажет екенін айтқан. Сұхбаттасушы зейнеткер үйіне Руслан есімді жігіт келгенге дейін «тұтқаны тастамады», содан соң оған әйел өз еркімен 30 мың доллар берді»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
Белгілі болғандай, әӘйел Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында тұратын ұлына қоңырау шалған кезде алданғанын түсінген. Осы кезде бәрінің жақсы екеніне көз жеткізіп, полицияға қоңырау шалды. Василий Скляр бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады.

adimage