Павлодарда қауіпті медициналық қалдықтардың заңсыз жойылып келгені анықталды

Күні: 15:11, 24-01-2019.

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Павлодар облысының соты қала тұрғындары үшін жоғары экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпті саналатын қауіпті медициналық қалдықтарды заңсыз жойып келген «Утилизация» ЖШС-нің қызметін уақытша тоқтатты, деп хабарлады бейсенбіде Қазақстан энергетика министрлігінен.
«Павлодар облысы ауданаралық экономикалық соты «Утилизация» ЖШС-ге қатысты тұрғындар денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіп төндіретін заңсыз әрекетін тоқтату туралы анықтама шығарды», - делінген хабарда
Министрлік ақпарынша, мемлекеттік экологиялық инспекторлар «Утилизация» ЖШС өндірістік базасына жоспардан тыс тексеру жүргізді және «ашық аспан астындағы жер учаскесінде экологиялық және санитарлық талаптарға қайшы келетін, 27,8 текше метр көлеміндегі «Б» және «В» класындағы медициналық қапшықтар қалдық ретінде полиэтилен қапта жатқанын» анықтады. Жалпы бұл қалдықтар сол аумақта орналасқан пеште өртелуі тиіс.
Экологтардың ақпарынша, табылған медициналық қалдықтар «кәріптас деңгейіндегі экологиялық қауіпті қалдықтар болып отыр: жұқтырылған немесе жұқтырылуы әбден мүмкін заттар, олар қанға немесе биологиялық сұйықтықтармен ластанған (шприцтер, жүйелер және т.б.) заттар төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әкелуі мүмкін».
«Утилизация» ЖШС медициналық қалдықтарды қабылдау мен өртеуді қоршаған орта эмиссиясына рұқсат алмастан, сондай-ақ медициналық қалдықтарды қабылдайтын алаңды дайындау және қалдықтарды өртейтін пеш орнату бойынша жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптама жасамай жүзеге асырған», - деп түсіндірді энергоминнен.
Белгілі болғандай, «Утилизация» ЖШС Павлодар қаласының №1 және №3 ауруханасына, Екібастұз қаласының №2 және №3 емханаларына, Железин және Ертіс орталық аудандық ауруханаларына 2018 жылға дейін қызмет көрсетіп келген. Заңсыз айналымда 47,7 тонна қалдық болған.
«Утилизация» ЖШС экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 328 және 322-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, серіктестікке жалпы сомасы 144 300 теңгенің айыппұлы салынды. Қоршаған ортаға келтірілген заңсыз әрекеттердің зияны 1 712 529 теңге деп есептеліп отыр. Құқық бұзған серіктестікке өтемақыны өтеу туралы нұсқау берілді.
Павлодар қаласының әкіміне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес медициналық қалдықтарды заңсыз алып тастау жөнінде шаралар қабылдау өтініші жолданды. Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне де заң бұзушының заңсыз әрекетіне тексеріс жүргізу және онымен шарт жасасқан медициналық мекемелерге де тексеріс жүргізу туралы өтініш жолданды.


Жаңалықтармен бөлісу: