Астана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Павлодарда бес қабатты үйде белгісіз зат жарылды: бір адам көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«6 наурызда сағат 14.40-та өрт сөндіру қызметінің тетігіне Павлодарда Мүткенов көшесіндегі бес қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Бірінші қабаттағы пәтердің ас бөлмесінде белгісіз зат жарылып, ары қарай 8 ш.м алаңдағы үй заттары мен тұрмыстық техника өртенген», - деп мәлім етті сәрсенбіде Нұрахметов.
Оның ақпарынша, өрт 15.01-де ауыздықталып, 15.11-де толық сөндірілді.
«Өрт шыққан жерден 1983 жылы туылған ер адамның денесі табылды, сондай-ақ денесін күйік шалған 1986 жылы туылған азамат ауруханаға жеткізілді», - деді Нұрахметов.
Оның ақпарынша, өрт сөндіру бөлімшелірінің күшімен 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді, соның ішінде 15-і бала. Жарылыс себептері анықталуда. Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД жеке құрамдағы 20 адамы мен 5 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Павлодарда бес қабатты үйде жарылыс болды: бір адам көз жұмды
