Павлодарда көлік соққан 9 жасар бала ауруханаға жеткізілді

Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ - Павлодарда көлік соққан 9 жасар бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«9 қазанда сағат 17.20-да Қамзин-Волочаевский көшесінің қиылысында Nissan Primera көлігінің 18 жасар жүргізушісі 2010 ж.т. баланы қағып кетті, ол жолды реттелмейтін жаяу жүргінші бөлігімен кесіп өткен. ЖКО салдарынан түрлі жарақат алған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Аталмыш дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, сол күні 19.15-те Павлодар – Успенка тас жолының 105 шақырымында Audi көлігінің 1954 ж.т. жүргізушісі – зейнеткер – 1959 ж.т. велосипедшіні қаққан, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.
«СМС (сот-медициналық сараптама - ҚазТАГ) тағайындалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізушіге қатысты ешқайда шықпау туралы  бұлтартпас шарасы тағайындалды», - делінген хабарда.

adimage