Алматы. 25 шілде. ҚазТАГ - Павлодарда кәріз құдығынан шүберекке оралған шарана денесінің табылу дерегі тексерілуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ПИК қызметкерінің бірі (Павлодардағы – ҚазТАГ) 24 шілдеде сағат шамамен 08.30-да «102» нөміріне қоңырау шалып, кәріз құдығынан шүберекке оралған шарананың денесін тапқанын хабарлаған. Аталмыш дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (СТБТ) тіркелді, ҚР ҚК 319 бабы (заңсыз түсік жасау) бойынша (сотқа дейінгі тергеу басталды - ҚазТАГ)», - деп хабарлады бейсенбіде Павлодар облысы полиция департаментінен (ПД).
Полицияда нақтылағандай, шарананың табылу дерегі бойынша барлық қажетті сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.
Павлодарда кәріз құдығынан шүберекке оралған шарана денесінің табылу дерегі тексерілуде
