Павлодарда ҚХА-ға кіретін ұлттық-мәдени орталықтар туралы фильм түсірілмек

Павлодар. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодарда Қазақстан халықтары Ассамблеясына (ҚХА) кіретін ұлттық-мәдени орталықтар туралы фильм түсіріледі, деп хабарлайды облыстық ҚХА.
«Ассамблея жылының және ҚХА 20 жылдығын тойлау аясында қыркүйек-қараша аралығында 6 ұлттық-мәдени орталықтың қызметі туралы фильмдер түсіріледі», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
ҚХА жоспарында – облыстық «Полония» поляктар қоғамы, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ҚБ филиалы, қарашай-шеркес және қабардин-балқар, татар-башқұрт, шуаш және шешен-ингуш орталықтары туралы 10 минуттық фильм түсіру бар.
Фильмдермен жұмыс облыстық ішкі саясат басқармасымен ынтымақта жүргізілетіні атап көрсетіледі.

adimage