Павлодарда «Өлкетану» археологиялық экспедициясының қорытындысы шығарылды

Павлодар. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодарда еріктілер қатысқан «Өлкетану» археологиялық экспедициясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Павлодар облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.
«Өлкетану» экспедициясы 20-23 маусымда өтті. 14 және одан жоғары жастардағы 40 жас адам археологтармен бірлесіп Аққулы ауданы Қазы аулының маңынан табылған неолит және энеолит дәуірлеріндегі адамдардың көне тұрақтарының бірін зерттеді», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Археологиялық жұмыстар барысында фауналық қалдықтардың, әкелінетін әртүрлі шикізатты пайдаланып, бірнеше индустрияның үлгілерін таныстыратын күйіктас пен тас құралдардың сан алуан типтерінің көп саны бар қуатты мәдени қабат қазып алынды. Экспедиция қорытындысы бойынша фильм түсірілді, оған қатысушылар сыйлық алды.
Сондай-ақ қазбалардың 2016 жылы жалғасатыны хабарланады, археологтар келер жылдағы экспедицияға қатысуға тілек білдірушілерге байқау жариялады.
«Еріктілердің қатысуымен өткен «Өлкетану» экспедициясы туған өлкені насихаттау мен зерттеуге бағытталған», - деп атап көрсетілген хабарда.

adimage