Павлодарда ұлттық компанияның корпоративтік қор басшысы пара алған деген күдікке ілінді

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – «Павлодар» ӘКК» ҰҚ» АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры пара алған деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен. 
«Павлодар» ӘКК» ҰҚ» АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директорына қатысты сыбайлас жемқорлық жасау күдігі бойынша (облыс әкімдігінің 100% қатысу үлесі) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол аяқталмаған әлеуметтік нысанды бағалау қызметін көрсету шартын жасасу үшін кәсіпкерден алдын-ала келіскен Т1 млн соманың Т500 мыңы көлемінде пара алған деп күдіктелуде», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Топ-менеджер ұсталып, Павлодар ПБ УҰИ-на тоғытылды.

adimage