Павлодарда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 100-дей пәтерін жөндеп береді

Павлодар. 20 қазан. ҚазТАГ – Павлодарда Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 100-дей пәтерін жөндеп береді, деп мәлім етті қала әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Байтенов.
«2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, 53 039 902 теңгеге 62 пәтер жөнделді. Қазір алты пәтерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ 2015 жылы 9 мамырға дейін тағы 26 пәтер жөндеуден өтеді», - деді дүйсенбі күні А. Байтенов журналистерге.
Павлодарда 2014 жылғы 1 қазанға 299 ҰОС ардагері тұрады, олардан соғысқа қатысқандары – 146, мүгедектері – 153 адам.

adimage