Павлодарда МЖС аясында үшінші балабақша ашылды

Павлодар. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодарда мемлекет және бизнес серіктестігінің аясында үшінші балабақша ашылды, деп хабарлады Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
«ҚазТрансОйл» АҚ қатысуымен салынған 320 орындық №54 балабақшаның салтанатты ашылуы өтті, ол бұл мақсатқа 700 млн теңге бөлді. Бұл Павлодар өңірінде мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша тұрғызылған осымен үшінші балалар бақшасы», - деген облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың сөздерін келтіреді баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда облыста мемлекет басшысының мектепке дейінгі білім берумен жүз пайыздық қамту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша мақсатты жұмыс жүріп жатыр. Облыста бүгінде 38 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатқан 162 балабақша, 268 шағын орталық бар. Мұнымен қатар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 72%-ға дейін жеткізілген, 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар балабақшаларда орындармен толық қамтамасыз етілген.
«Содан бөлек, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Ұлттық қордың қаражатына Ақсу қаласында 280 орындық балабақшаның құрылысы басталған. Биыл 1098 жаңа орын құру жоспарланып отыр», - деп толықтырды баспасөз қызметінен.

adimage