Павлодарда Назарбаев даңғылының жөндеу жұмыстарына Т1,35 млрд жұмсалады

Павлодар. 17 мамыр. ҚазТАГ – Павлодарда Назарбаев даңғылының жөндеу жұмыстарына Т1,35 млрд жұмсалады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Павлодардағы Назарбаев даңғылының жөндеу жұмыстарына Т1,35 млрд бөлінді. Бұл жерде велосипед жолдары да болады. Бұл Торайғыровтан Ладожскіге дейінгі участок. Соңғы рет бұл жолдың төсемінің жөндеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілді. Торайғыровтан Ладожскийге дейінгі участоктің жөндеу жұмыстарын екі айда аяқтау жоспарлануда. Жұмысты «Гордострой» ЖШС мердігер мекемесі жүргізіп жатыр. Бұл 280 мың ш.м. немесе 8 шақырым жол», - деп мәлімдеді Павлодар әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің жол жөндеу бойынша сала меңгерушісі Николай Казанин.
Ол атап өткендей, мердігер өздері орындаған даңғылдың орташа жөндеу жұмыстарына екі жылға кепілдік береді.
«Көшелерді жабу орам бойынша жүргізіледі. 25 мамырдан бастап бірден екі орамды жабу жоспарлануда – Естайдан Чокинге дейін, жерасты коммуникация иелері – осы учаскедегі «Қаласуарнасы» мен «Жылу желілері» өздерінің магистралдық желілерін өзгертетін болады», - деді Николай Казанин.
Оның айтуынша, бұл участокты жапқан кезде автокөлік қозғалысы қарсы жол бойынша жүргізіледі: солтүстікке қарай екі жол, оңтүстікке бір жол. Ол жол полициясымен келісім барын атап өтті, олар тиісті жол белгісін орнатады.

adimage