Павлодарда Омбы күндері өтеді

Павлодар. 9 қазан. ҚазТАГ – 14 қазанда Павлодарда Омбы күндері өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.  

«Ресейлік қала басшысы Вячеслаф Двораковский бастаған бизнесмендер мен шығармашылық ұжымнан тұратын делегация қаламызға ресми сапармен келді. Достық үйінде омбылық және павлодардық кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтерінің көрмесі өтеді. Осы жерде Павлодардағы Омбы күндерінің ашылу салтанаты ұйымдастырылып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады», - деп хабарлады жұмада әкімдікте.

Сапар бағдарламасында «Қазэнергокабель» АҚ, «Каустик» АҚ, «Нефтехим LTD» ЖШС секілді павлодарлық кәсіпорындарды аралайды. Сонымен қатар қонақтар білім беру және мәдени мекемелерде де болады.  

«Ресей мен Қазақстан халқының достығын білдіретін Шоқан Уәлиханов пен Григорий Потанин ескеткіштеріне гүл шоқтарын қою салтанаты өтеді. Сосын омбылық фотографтар мен павлодарлық суретшілердің көрмесі өтеді», - делінген шара бағдарламасында.  

Сондай-ақ, облыс орталығында Павлодар мен Омбы жастар командаларының хоккейден матчы ұйымдастырылады.   Кездесу Естай ат. қалалық мәдениет үйінде Омбы мәдениетінің кешімен аяқталады.

adimage