Павлодарда Отбасы күніне арналған байқауға 16 отбасы қатысады

Павлодар. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасындағы Отбасы күніне арналған жас отбасылардың «Махаббат + Адалдық = Отбасы» байқауы Павлодарда өтеді, деп хабарлады «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелерінің басқармасы» ММ.
Мәліметтер бойынша, байқау Павлодарда 10 қыркүйекте өтеді. Оған облыстағы барлық қалалар мен аудандардан 16 отбасы қатысады деп күтілуде.
Хабарда айтылғандай, байқаудың ашылуында облыстық әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төраға орынбасары Аубанова Гүльфаз және Павлодар қаласының инновациялық Еуразиялық университетінің қаражат және даму жөніндегі вице-президенті Лариса Фрезоргер құттықтау сөзін сөйлемекші.  
Сондай-ақ мереке құрметіне бұл күні некесін қиып отырған жас отбасылар тіркеліп және «алтын тойын» тойлап отырған отбасылардың батасы болады.
Сонымен қатар, концерттік бағдарламада жас отбасыларының «Отбасы болу өнері» өнер көрсетеді деп күтілуде.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, байқауда «Шығармашы отбасы», «Арманшыл отбасы», «Менің әкемнің қолынан бәрі келеді», «Ең үздік отбасылық фото», «Көрермендер ілтипатының жүлдесі», «Жеңіске деген күш-жігер үшін», «Ұлттық дәстүрді сақтау», «Бірге бақытты», «Үлгілі отбасы», «Спортшыл отбасы», «Отбасылық үйлесімділік», «Тату отбасы» және т.б. атаулар бойынша марапатталады.
Барлық отбасылар құнды сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

adimage