Павлодарда ПИТК директорына жасөспірімге мұз құлағаннан кейін айыппұл салынды

Күні: 18:16, 11-03-2019.

Алматы. 11 наурыз. ҚазТАГ - Павлодарда ПИТК директорына жасөспірімге мұз құлағаннан кейін айыппұл салынды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«6 наурызда полицияға облыстық балалар ауруханасына 2003 ж.т. туылған жасөспірімнің «бас миының шайқалуы» диагнозымен түскені туралы хабар келіп түсті. Аталмыш дерек тіркелді. Полицейлер кәмелетке толмаған баланың бас жарақатын Короленок к. 355 үйдің подъзінде үйдің төбесінен мұздың құлауы салдарынан алғанын анықтады. Аталмыш дерек бойынша ПИТК директоры ӘҚбК 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (айыппұл – 30 АЕК)», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Департаментте түсіндіргендей, ҚР тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 43 бабы 8 бөлімінде түсіндірілгендей, кез келген ПИТК, ЖШС қызмет көрсететін тұрғын үйлерінің санитарлық және техникалық жағдайымен айналысуы керек.
Еске салсақ, Павлодарда 7 наурызда үйдің шатырындағы жартыметрлік мұздың 16 жасар жасөсірімнің иығына құлағаны туралы хабарланған еді.
1 АЕК = Т2525.


Жаңалықтармен бөлісу: