Павлодарда полицейге пышақ сілтеген ер адам сотталды

Күні: 16:23, 18-09-2020.

Павлодар. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодарда полицейге пышақ сілтеген ер адам сотталды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«№2 Павлодар соты 25 жасар ер адамға қатысты үкім шығарды. Ол төтенше жағдай жарияланған жерде қызметтік міндетін атқарып жүрген билік өкіліне қатысты оның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қастандық жасағаны үшін айыпты деп табылды (ҚР ҚК 380 б. 3б. 9 т.)», - деп хабарлады жұма күні №2 Павлодар сотынан.
№2 Павлодар сотынан хабарлағандай, ТЖ кезінде түнде күдікті мас күйде жол-патрульдік полиция қызметкерінің иығына пышақ сілтеген.
Полицей жарақат алды. Күдікті кінәсін ішінара мойындады.
Сот үкімімен күдіктіге жеті жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: