Павлодарда полицейлер тәртіпті сақтауға шақыратын билбордтар орналастырды

Павлодар. 12 қазан. ҚазТАГ – Павлодарда полицейлер көшелер мен жолдарда креативті және тәртіпті сақтауға шақыратын билбордтар орналастырды, деп хабарлады облыс әкімдігінен.  

«Тамаша идея, тамаша іске асырылған. Осындай билбордты көресің де, әрине, жолдағы қауіпсіздік туралы ойланасың. Оның әсері, әрине, сезілуде. Мұндай ескертулер өңір үшін тек пайдалы», - деді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов.

Хабарда айтылғандай, Павлодар көшелерінде тәртіпті сақтауға үгіттейтін 25 билборд орнатылған.
Мәселен, таблолардың бірінде түйе басты адам салынған, ол көшеде түкіргенді жақсы көретін адамды білдіреді. Басқасында жүк көлігінің доңғалағының астында ұялы телефонымен сөйлесіп жатқан жүргізуші-қыз баланың суреті салынған.  

«Біз халықтардың санасына ойымызды жеткіздік деп ойлаймын», - деп атап өтті Павлодар облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Дәурен Балғожин.  

Полицейлердің ақпарынша, бұл идея демеушілердің көмегімен жүзеге асырылған. Осылайша полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің мәдениетін арттыруға, ұсақ бұзақылық пен жолдардағы апаттардың алдын алуға ниетті.  

Жыл басынан бері 70 мыңнан астам жүргізуші жол ережесін бұзғаны үшін, ондаған мыңы – қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылған.  

adimage