Павлодарда өрттен зейнеткер мен 10 жасар бала көз жұмды

Павлодар. 10 шілде. ҚазТАГ – Павлодарда өрттен зейнеткер мен 10 жасар бала көз жұмды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Гагарин 34 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар 12.42-де түсті. Бесқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерінен өрт шыққан. Өрт алаңы 3 ш. м. құраған. Өрт 13.02-де ауыздықталып, 13.07-де сөндірілген. (...) Өрт шыққан жерден 1952 ж.т. ер адам мен 2009 ж.т. ер баланың мәйіті табылған. 10 адам эвакуацияланды, соның ішінде екі бала бар. Өлім себебі мен мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар өрт себебі анықталуда», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖ департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация тобының бас маманы Марал Сағынаев сәрсенбіде.
Департамент ақпарынша, оқиға орнында департаменттің 13 қызметкері, төрт бірлік техника жұмылдырылған.
Өз кезегінде Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева жедел-жәрдем көлігін өрт сөндірушілер 12.55-те шақырғанын мәлімдеді.
«Бригада оқиға орнына шақырту түскеннен кейін 4 минутта келіп жетті. Жедел-жәрдем көлігінің қызметкерлері екі адамның биологиялық өлімін тіркеген», - деді Темірғалиева.

adimage