Павлодарда соққыдан көптеген жарақат алған екі бала ауруханаға түсті

Күні: 11:45, 19-03-2019.

Алматы. 19 наурыз. ҚазТАГ – Павлодарда соққыдан көптеген жарақат алған екі бала ауруханаға түсті, деп хабарлады «Павлодар-Онлайн».
«2009 және 2010 жылы туылған екі ер бала облыстық балалар ауруханасына түсті. Дәрігерлер олар бас-ми жарақатын алған, бас миы шайқалып, басында, кеуде тұсында ісік пайда болған, шошып қалған деді. Қазіргі таңдағы жағдайлары орташа ауыр деп бағалануда», - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасынан.
Полицейлердің ақпарынша, оқиға 17 наурызда сағат 23.00-де Минин көшесіндегі үй маңында болған.
«32 жасар ер адам екі кәмелетке толмаған балаға бұзақылық оймен дене жарақатын келтірген», - деп мәлімдеді өңір полициясының департаментінде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, зардап шегушілердің анасымен сөйлескеннен кейін белгілі боландай, белгісіз ер адам ағалы-інілі балаларға металл қабылдайтын пунктке темір бөшкені апаруға көмектескен, «алайда ақшасын өзіне қалдырған».
«Ақшаларын қайтарып алғылары келген балалар соққыға жығылған», - делінген хабарда.
ҚР ҚК 293 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Тексеру қорытындысы бойынша ақырғы процестік шешім қабылданатын болады», - деді полицейлер.


Жаңалықтармен бөлісу: