Павлодарда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды

Павлодар. 5 тамыз. ҚазТАГ – Павлодарда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Басынан ауыр жарақат алған төрт жасар ер бала сағат 21.13-те облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірі үшін барын салды. Алайда 2.45-те ол есін жимастан көз жұмды», - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Оқиға 3 тамыз күні кешкісін орын алған. Бала Бектуров көшесі 71 мекенжайда орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлаған.

adimage