Павлодардағы 40 үйде ыстық су жоқ, тағы 10-ы ПИК кінәсінен ыстық сусыз отыр

Күні: 16:47, 28-09-2018.

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Павлодардағы 40 үйде ыстық су жоқ, тағы 10-ы  ПИК кінәсінен  ыстық сусыз отыр, деп хабарлады Pavon.kz.
«Бұл квартал ішілік желілердегі аздаған ақаулар. 1 қазанға дейін олар жойылады», - деп уәде берді «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас директоры  Марат Иманаев.
Хабарда атап өтілгендей, 10 үй ПИК кінәсінен ыстық сусыз отыр. Энергетика және ТҮКШ басқармасы бұған жылыту маусымына дайындық жұмыстарының созылып кеткенін кінәлап отыр.  Бұл көпқабатты үйлердің тұрғындары оған қажетті қаржыны ұзақ жинаған.  
Павлодар әкімі Әнуар Көмпекеев қаладағы бүкіл үйлердің 10 қазанға дейін жылуға қосылатынын айтты. Осы кезеңге дейін ыстық суға қатысты барлық мәселелер шешіледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: