Павлодарда жас ғалымдардың инновациялық байқауы жариялануда

Павлодар. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодарда жас ғалымдарды қолдап байқау жариялануда және инновациялық гранттар бөлінуде, деп хабарлады Павлодар облыстық ішкі саясат басқармасы.
Облыстық әкімдіктің ақпары бойынша, 2015 жылдың 14 қыркүйегінде Павлодарда өңірдегі жастар бизнесін қолдау мақсатында “Болашақ” қауымдастығы мен “Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік” АҚ (ТДҰА) Павлодар әкімдігінің қолдауымен “Кәсіпкерлер – Қазақстан жаңа инновациялық экономикасының көшбасшылары” семинар-тренингін өткізеді.
Аталған іс-шара барысында қатысушыларды инновациялық гранттарды иемдену шарттарымен, сондай-ақ ТДҰА-мен бірлесіп ҚР инвестициялар және даму министрлігінің іске қосып отырған ұлттық инновациялар байқауымен таныстыру жоспарлануда.
“Байқау келесідей аталымдармен өткізілетін болады: “Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба”, “Үздік жас ғалым”, “Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі”, “Кәсіпорындағы өнертапқыштықты қолдаудың үздік жүйесі”, сондай-ақ “Инновациялық тақырыпқа үздік журналистік материал”, соның аясында журналистерге арналған тренингтер өтеді”, - деп хабардар етті әкімдіктен.
Ішкі саясат басқармасынан атап өткендей, биыл “Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба” аталымындағы байқау тұңғыш рет өткізілмек. Бұл аталымға орта және жоғарғы сыныптардың оқушылары, сонымен қатар техникалық колледждердің студенттері қатысады. Аталымның негізгі мақсаты – жастар арасында нақты және жаратылыстану ғылымдардың зерттелуін мадақтау, балалардың инновациялық өнертабысқа деген қызығушылығын ынталандыру. Аталмыш аталым Қазақстандағы British Council-мен және Астана әкімдігінің “Оқушылар сарайы” МКҚК-мен бірлесіп өткізілуде.
“Басты сыйлық: 5 оқушы мен техникалық колледждердің студенттеріне арналған Ұлыбританияда 10 күндік танысу-білім алу сапары (Science Museum London, Royal Greenwich Observatory, Cambridge Science Festival, FireTech балалар ғылыми лагеріне бару)», - делінген хабарда.
“Үздік жас ғалым” аталымы студенттер мен ғалымдарға қалың жұртшылыққа ғылыми тұжырымдамаларын түсіндіру қарапайым және қолжетімді болу мүмкіндігін бере отырып, Қазақстанда ғылымды насихаттау үшін ойластырылған. Байқауға номинанттардың қатысуы бүкіл әлемде танымал FameLab байқауының форматында өтетін болады, оның концепциясына сәйкес қатысушылар өздерінің қиын жобаларын көпшілік пен әділқазылар алдында қарапайым сөзбен таныстыруы қажет. Аталым жеңімпазы Лондондағы FameLab байқауының гранд-финалында елдің намысын қорғау үшін аттанады.
Байқаудың басты сыйлығы – Т7,5 млн. Байқау жүлдегерлері (2- мен 3-орындар) тиісінше Т2,5 млн және Т1,5 млн алады.
“Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі” аталымының негізгі мақсаты – өнертапқыштық қозғалысты насихаттау мен қолдау, Қазақстанның әртүрлі кәсіпорындарындағы шығармашылық міндеттер мен тиімді өндіріс шешіміндегі өнертапқыштардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Сыйлық қоры 5 млн теңгені құрайды: 1-орын – Т2,5 млн; 2-орын – Т1,5 млн; 3-орын – Т1 млн.
Бұдан бөлек, “Инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материал” аталымында журналистер марапатталады, бас жүлде – Т1 млн.

adimage