Павлодардың экс-әкімі Бақауовты қамауда ұстау үй қамағына ауыстырылды

Павлодар. 19 ақпан. ҚазТАГ – Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовты қамауда ұстау үй қамағына ауыстырылды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«ШТТ басшысының – ҚР ҰҚК ТД бас тергеушісінің өтініші қанағаттандырылды, ҚР бас прокуратурасының қылмыстық тергеу қызметі бастығымен күдікті Бақауовты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпас шарасын үй қамағына ауыстыру келісілді», - деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов 16 қаңтарда ұсталды. Ол ҚР ҚК 362 бабы 4 бөлімі 3 тармағында (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шығатын және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында) қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасаған деп күдіктелуде.
17 қаңтарда Бақауов екі айға қамауға алынды – 16 наурызға дейін.
Бақауов 2016 жылдың наурызында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған, ал бұған дейін - 2014 жылдың сәуірінен наурызына дейін - Павлодар қаласының әкімі, ал одан бұрын - 2011 жылғы қазаннан 2014 жылғы сәуірге дейін - Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі болған.

adimage