Павлодар. 14 қараша. ҚазТАГ – Павлодарлық 14 жасар боксшының өлу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.
«ҚР ҚК 103 бап 3 бөлімі – абайсызда адам өліміне соқтырарлықтай денсаулыққа әдейі ауыр жарақат келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс дерек бойынша қозғалған, әлдебіреуге қатысты емес», - деді ІІД баспасөз қызметінің бас маманы.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 мамырында Екібастұздың қалылық орталық ауруханасына 14 жасар жасөспірім «кома» диагнозымен жеткізілген. Жаттығу жиындарының кезінде іш тұсына тиген соққыдан ушыққан оның халі нашарлай түскен. Қанды ісікті жою, бас сүйегін тесіп жасау бойынша ота жасалды.
Бала ата-анасының айтуынша, ол бокстан өтетін Қазақстан біріншілігіне дайындалып жүрген.
Маусым айында боксшы Павлодар облыстық балалар ауруханасында көз жұмды.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандық жас теннисші Грузияда өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды7 Маусым 2023, 12:15
-
Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды7 Маусым 2023, 11:27