Павлордар облысындағы оқушылардың жаппай улануы: ас блогында бұзушылықтар анықталды

Павлодар. 17 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысында оқушылар жаппай уланғаннан кейін тексеру барысында ас блогынан бұзушылықтар анықталған, деп хабарлады агенттік тішісі.
«Павлодардағы №40 мектепте (Павлодар ауылы – ҚазТАГ) 10-12 қазан аралығында астан улану дерегі тіркелген. Медициналық көмекке бірінші сыныптан жетінші сынып аралығындағы 23 бала жүгінген. 16 қазандағы жағдай бойынша стационарда бір ғана бала қалған, қалған 22 баланың жағдайы қанағаттанарлық. Эпидемиологиялық тексеру барысында мектептегі ас блоктан бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ зертханалық қадағалау барысында сәйкес келмейтін сынамалар табылды. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда», - деп хабарлады бейсенбіде Павлодар облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінен.
Павлодардың білім бөлімінің ақпарынша, бұл мектепте екі ауысымда 920 бала оқып жатыр.
Еске салсақ, жаппай улану Павлодар ауылындағы №40 мектепте болған. 10 қазанда хабарланғандай, улану белгілері мектеп асханасына барған жеті оқушыда байқалған. Ата-аналардың айтуынша, балалар бәліштің дәмінің бір-түрлі болғанын айтқан.
12 қазанда Павлодар облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті уланған оқушылар санының 22-ге жеткенін мәлімдеді.
Сол күні Павлодар облысының полицейлері ҚР ҚК 304 бабы бойынша мектеп асханасында оқушылардың улану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

adimage