Алматы. 16 шілде. ҚазТАГ – Онлайн-аударымдарға маманданған Америкалық PayPal компаниясы Еуропада халықаралық ақша аударымы жүйесін іске қосты, деп хабарлады Reuters.
«Онлайн-аударымдармен айналысатын АҚШ-тағы PayPal компаниясы Ұлыбритания мен Еуропаның 31 елінде халықаралық ақша аударымдары жүйесін іске қосты. Жүйе Үндістанды, Пәкістанды, Нигерияны, Кенияны, Польша мен Қытайды қосқанда әлемнің 130-дан астам еліне ақша аудару мүмкіндігін ұсынады», - делінген хабарда.
Компания мәлімдемесіне сәйкес, жүйені енгізу оған ақша аударудың әлемдік нарығында $689 млрд. деп бағаланатын өз үлесін бағындыруға көмекеседі. Бұған дейін компания осыған ұқсас жүйені АҚШ пен Канадада енгізген болатын.
Хабарда айтылғандай, клиенттер бір транзакцияда 8 800 фунтқа ($11 029) дейін аудара алады.