Педагогтар арасында бірінші болып КВИ-ге қарсы қазақстандық екпе 1-5 класс мұғалімдеріне салынбақ

Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Педагогтар арасында бірінші болып КВИ-ге қарсы қазақстандық екпе 1-5 класс мұғалімдеріне салынбақ, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.
«Ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бастап Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенде шығарылған «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының 93 мың дана көлеміндегі екінші партиясын өңірлерге бөлу басталды. Аталмыш екпемен медициналық қызметкерлерге екпе салу аяқталады және педагогтарға екпе салына бастайды. Бірінші кезекте 1-5 класс мұғалімдері арасында екпе салынатын болады», - деп хабарлады сәрсенбідегі брифингте Есмағамбетова.
Спикер нақтылағандай, бүгінгі таңда жедел ақпар бойынша республика бойынша 458 мұғалімге екпе салынған.
«Бұл ретте тек төрт адам ғана бас тартқан», - деді Есмағамбетова.

adimage