Педофилге қатысты даудан кейін мәжіліс депутаты барлық мектеп-интернатты тексеруге шақырды

Күні: 18:19, 26-07-2019.

Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Педофилге қатысты даудан кейін мәжіліс депутаты барлық мектеп-интернатты тексеруге шақырды
«Барлық мектеп-интернатты ол жерде баланың тұруына жағдай жасалған ба деген мәселеге қатысты тексеру керек. Ол жерде су бар ма? Кәріз бар ма? Диеталық тамақтану бар ма? Ол жерде тұруға қолайлы ма?», - деді Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылындағы Сейфуллин ат. мектеп—интернаттағы сексуалды сипаттағы зорлау әрекетіне қатысты жағдайға түсінік берген Смирнова.
Бұл ретте ол мектеп 15 км қашықтықта тұрған жағдайда мектеп автобустарын шығару керек, оларды интернатта тұруға мәжбүрлемеу керек деді.
«Біз балалар үйінің аз болуы үшін күресіп келеміз. Ал ол балалардың ата-аналары бар, бірақ оларды отбасынан, ата-анасынан айырады, себебі әлдекімдер жалақы алу керек», - деді ол.
Сонымен қатар, мәжілісвумен мемлекеттік «Мектеп автобусы» бағдарламасының орындалуын тексеруге шақырды.
«Мектеп автобусы» бағдарламасының қаншалықты сапалы жұмыс жасайтынын қарау керек. Бұл мемлекеттік бағдарлама. Интернаттар санын барынша азайту керек, балалардың үйде болуын және әр мектепке мектеп автобусымен тасымлдауды қамтамасыз ету керек. Мұны оқу жылы басталғанға дейін қалған бір ай ішінде жүзеге асыруға болады», - деді Смирнова.
Еске салсақ, 25 маусымда Түркістан облысында ауылдық мектеп интернатында кәмелетке толмаған А.-ны бір жыл бойы зорлап келген күдіктіге қатысты ақтаушы үкім шықты. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самидин Теміралиев алқа билерінің қатысуымен істі қарап, олар шығарған Т.-ның кінәсіздігі туралы шешімге тоқтады.


Жаңалықтармен бөлісу: