Пентагон АҚШ сыртына барлау қызметінің 500 құпия агентін орналастырады

Күні: 09:04, 03-11-2014.

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Пентагон АҚШ сыртына қорғаныс министрлігі барлау басқармасының 500 құпия агентін орналастырады, деп хабарлайды америкалық БАҚ-тар.
«АҚШ қорғаныс министрлігі жамылғыш атпен жұмыс істейтін 500-ге жуық қызметкерін шетелге жөнелтуді жоспарлап отыр. Олардың басты міндеті Пентагон үшін ақпарат жинау болады», - делінген жариялымда.
Екі жыл бұрын бекітілген алдын ала жоспарлар бойынша, агенттердің саны 1 мыңды құрауы тиіс екендігі, алайда Конгрестегі қарсылықтардан кейін олардан бас тартуға тура келгендігі атап өтіледі. Агенттер ОББ (Орталық барлау басқармасы) және арнайы мақсаттағы әскерлер бас басқармасымен бірлесіп жұмыс істеуі тиіс болатын. Олардың міндетіне террорлықпен күрес және АҚШ ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін шешу кірді.
Атап көрсетілгендей, қызмет өкілдері бүкіл әлем бойынша, Таяу Шығыс аймақтары, «Әл-Каида» мен «Ислам мемлекеті» террорлық топтарының операциялары өтетін аудандары бар «өте қиын өңірлерде» орналастырылатын болады. Мұнымен қатар жаңа агенттердің қызмет бабы «қорғаныс министрлігі қажеттіліктерін» қанағаттандыруға бағытталатыны нақтыланған.


Жаңалықтармен бөлісу: