Перуде жарқабақтан автобустың құлауы салдарынан 20-дан астам адам мерт болды

Алматы. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Перуде жарқабақтан автобустың құлауы салдарынан 20-дан астам адам мерт болды, деп хабарлады «Известия».
«Жолаушылар автобусы Перудің оңтүситік-шығысындағы Чумбивилкас провинциясында биіктігі 200 м жырадан құлады. ЖКО салдарынан кем дегенде 23 адам мерт болды», - делінген   Canaln жергілікті телеарнасына сілтеме жасалған сәрсенбідегі хабарда.  
Алдын-ала нұсқа бойынша автобус басқа көлікпен соқтығысу салдарынан құзға құлап кеткен, Ал екінші көлік оқиға орнынан қашып кеткен.  
Хабарда атап өтілгендей, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

adimage