Петр Своик: Қазақстан үшін Еуразиялық интеграциядан басқа балама жоқ

Алматы. 10 наурыз. ҚазТАГ – Торғын Нұрсейітова. Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияның негізгі қатысушы болып табылады, және ол Қазақстан президентінің тарихи сезгіштігінің дәлдігін көрсетеді. Еуразияны сырттан басқару мүмкін емес, Еуразия арсыз түрде ұзақ уақыт табиғи байлығы мен қаржысын сора беретін, сырттан отарлық қанау режімін қолдайтын орын емес. Януковичті құлатқан Майдан, Қырымның Ресейге қайта оралуы, Украинаның оңтүстік-шығысындағы соғыс, санкциялар мен мұнай бағасының рубль бағасымен бірге құлауы – осының барлығы еуразиялық одақтың құрылуына реакция, дейді танымал қазақстандық қоғамдық қайраткер Петр Своик. 

 - Петр Владимирұлы, қазіргі дағдарыс себептері неде? 

 - Президент айтқандай, Қазақстанда дағдарыс жоқ, дағдарыстың сыртқы себептері бар. Бірақ Қазақстан экономикасының барлығы сыртқа бағытталған, сондықтан ол Қазақстандағы ішкі дағдарыстың себебі сияқты болып тұр. Ол дағдарыс неде екенін санамалап көрейікші. Қазақстанда 20 жыл бұрын қалыптасқан экспорттық-шикізаттық үлгі біржақты болғанымен, дегенмен өзін 2000 жылдан бастап 2007-2008 жылдарғы дағдарысқа дейін өзін жақсы көрсетіп, және онда дамудың үш көзі болды. Біріншіден - экспорттық-шикізаттық кіріс импорт шығынынан асып түсті. Екіншісі – шетелдік инвестициялар, олар елге қарқынмен келіп жатты. Үшіншіден – шетелден алған қарыздар, оған ішкі несиелік үдеріс жасалды, сондықтан да Қазақстанда несие шамамен 15%-ды құрайды. Осы 15%-дан жергілікті банктерге тек 5 пайызы ғана қалады, қалған он пайызы шетелге кетеді, себебі осының барлығы сырттан алынатын қарызға есептелген. Сөйтіп, қазіргі дағдарыс септері туралы айтсақ. Экспорттық-шикізаттық кіріс мұнай бағасының арзандауы себепті айтарлықтай азайды, қара және түрлі-түсті металл бағалары да арзандады. Шетелдік инвестиция ағымы да азайды, ең нашары, бұрын салынған шетелдік инвестиция кірістерін сыртқа әкету, тіпті ураиналық оқиғаларға дейін және ресейлік санкцияларға дейін арифметикалық түрде келген жаңа инвестицияларға қарағанда артып кетті. Яғни бұл көз теріс мәнге ие болды. Ең қолайсызы – сырттан қарыз алу. Олар тек азайып қана қоймай, жинақталып қалған сыртқы қарыздарды өтеу, кірістің артуынан елден екі есеге көп ақша жұтуда. Осы тұрғыдан алғанда бұрынғы экономикалық үлгі өзін сарқыды, себебі қарыздарды өтеу шығыны кірістен артық болуын кері бұра алмайсыз және шетелдік инвесторлардың кірістерін сыртқа әкетуін тоқтата алмайсыз. Ол сарқылды. Егер тіпті мұнай бағасы кенет аспандап кетсе де ол бұрынғы тамаша, Астана салынып, көтерме базарларда өмір қызу қайнаған уақыттарды кері келтіре алмайды. 

 - Сіз экономикалық даму үлгсін өзгерту керек дегенді меңзеп отырсыз ба? 

 - Дәл солай, сол үшін де Еуразиялық одақ керек. Біз қазір де сол одақта болғанымыз бен үкімет әлі де ескіге жармасып, бұрынғы экономикалық үлгіні өзінің Ұлттық қорымен қолдағысы келе береді. Егер біз санап шыққан сыртқы даму көзі таусылған екен, онда қолдайтын жалғаз көз ретінде Ұлттық қорды ғана пайдалану қалады. Бұл үкіметтің девальвацияны есептемегендегі жалғыз амалы. Неге девальвация мәселесі сонша өткір болып тұр және барлығы да оны күтуде? Себебі тек екі тетігі бар – не Ұлттық қордан жаппай валюта бөліп, теңгені қолдау, не оны девальвациялау. Екеуі де уақытша шешім. Оны жайылмай қоған, бірақ бұрын құйрығына байлаған майы есебінен әлі өлмей тұрған қоймен теңестіруге болады. Бірақ ол құйрықта қанша май болмасын, ол таусылады. Ең бастысы – егер қозғалыс болмаса, тек жасанды қолдау болатын болса, одан ешнәрсе шықпайды. Сондықтан Ұлттық банктің экономиканы долларсыздандыру, банктерді сауықтандыру жөніндегі уәдесі іске аса қоймас, себебі экономикалық цикл аяқталып келеді, баланстар минус болып тұр, және оны тек Ұлттық қор қолдауымен ғана ұстап тұруға болады. Айтпақшы, бұл үлгінің сарқылуының тағы бір себебі оны 15 жыл бойына іске асырып жатқан команда да ескі, сондықтан олар өздерінің ескі шешімдеріне жармасып, жаңа ешнәрсе ойлап таба алмай отыр. 

 - Сіз жаңалықты неден көріп отырсыз? 

 - Ол жаңалық еуразиялық экономикалық және саяси шындық, және ол бәрібір өз дегенін алады, дегенмен ол біз үшін күрделі мәселе, ол жедел жәрдем емес, қосымша проблемалар. «Евразиялық интеграция» дегеніміз не және президент Н. Назарбаев өте дұрыс, көрегендікпен осы интеграцияның тек қатысушысы ғана емес, негізгі қатысушысы болды? Одақтық мемлекеттілік – Ресей мен Беларусь – Ельцин дәуірінде құрылған болатын, ешкімді алаңдатпастан. Тек Қазақстанның Кедендік одаққа кейін Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі оларды нақты саяси және экономиканың нысаны ете алды. Егер тамырына үңілетін болсақ, Януковичті құлатқан Майдан, Қырымның Ресейге қайта оралуы, Украинаның оңтүстік-шығысындағы соғыс, санкциялар мен мұнай бағасының рубль бағасымен құлауы – осының барлығы еуразиялық одақтың құрылуына реакция. 

 - Мұның барлығы қашан және немен аяқталады? 

 - Мұның барлығы Украинада Еуропа мен Еуразиялық одақ арасында жаңа шекара жүргізілгеннен кейін бітер. Ол қай жерден өтетінін тек болжауға ғана болады, бірақ ол әрине бүгінгі шекарадан емес. Еуразия Еуропамен шекаралас болғандықтан оның экономикалық, саяси, мәдени құрылымдарын қайталағысы келгенімен Еуразия Еуропадан бөлек, және ешқашан Еуропаның көшірмесі болған емес. 

 - Неге? 

 - Объективті тарихи, табиғи-климаттық көрсеткіштері бойынша. Еуропа құнарлы және жер ауданының бір бірлігінде Еуразиядағыдан он есе көп адамды қамтамасыз ете алады. Сондықтан Еуропаның мәдениеті және экономикалық пен саяси, және еуропалық ментальдықтың өзі - ол тығыз, бірге өмір сүруге итермелейді, осыдан келіп жергілікті өзін-өзі басқару, парламентаризм, толеранттық, тіпті кейде бір жынысты «отбасыларға» дейін баратын және Еуровидениеде сақалды әйелдің жеңуі сияқты көріністер оларға тән. Ал Еуразияда бір өлшем ауданда ондаған есе аз адамды қамтамасыз етсе, ауданы ондаған, жүздеген есеге артық. Сондықтан мұнда ерекше экономикалық және саяси құрылымдар әр кез болған, және бола да береді. Оған түсіністікпен қарау керек. Еуразиялық кеңістікте бұлай өмір сүру кейде тіпті қажет те. Мұны мақтауға да, даттауға да болады, бірақ ол сезім бағасы, ол осындай бола берген және қазір де сондай. Мысалы, кезінде Шыңғысхан осы өңірде орасан зор империя құрды, биліктің вертикалін құрып үлкен тарихи тренд берді. Сондықтан ол бір орталықтандыру функциясын Алтын орда іске асырды. Ал мылтықтың дәрісі ойлап табылғалы ол функция Мәскеу княздығына өтті, одан кейін патшалыққа, және Мәскеу осы тұрғыдан толығымен Орданың мұрагері болды. Мәскеу – ол да Орда. Және ол Ресей империясына айналғанда ол да Орда болған. КСРО да көп жағынан Орда болды. Және қазір Кедендік одақ және Еуразиялық одақ деп аталатын одақтар да ордалық құрылым, ол тарихи тұрғыдан қисынды. Кейде ондай құрылым сызат беріп, кейде толығымен күйреп те жатты, себебі орталықтандырылған, кейде әскери-деспоттық басқару, жұмсағырақ айтсақ, тиімді емес. Иван Грозныйдан соң солай болған, ол кезде ұлы аласапыран басталып, сол кезде Еуропа мәскеулік патшалыққа кірді. Мәскеуде тек поляктар билеген жоқ қой. Поляктардың әскер құрамында көптеген халықтар болып, оның ішінде қазіргі Украина халқының аталары бар болған. Олар да еуропалық басқыншылықтың бір бөлігі болған. Оларды Минин мен Пожарский қуып тастады. Ол аласапыран уақыт кәдімгі еуразиялық өзіншелікті қалпына келтірумен ғана аяқталмастан, Романовтардың билігінің келуімен империяның ұлғайып Еуропаға дейін таралуымен аяқталды. Келесі еуразиялық ұлы күйреу 1917 жылы орын алды, оның үстіне Романовтар империясы өзі құлай отырып, дүниежүзілік соғыс пен басқа да сыртқы себептер тек ынталандырушы фактор ғана болған еді. Және қайтадан Еуропа (ендігі жолы Америкамен) Еуразияны қалайда тәртіпке келтіруге ұмтылды: Қиыр Шығысқа жапондар отырғызылды, Архангельге – америкалықтар ағылшындармен бірге, Одессаға – француздар. Сол еуразиялық ылаңның, азаматтық соғыс пен қираудың дәуірі үш ондаған жыл бойына әлемдік алып ел дәрежесіне дейін көтерілген тоталитарлық КСРО-ның пішінінде мәресіне жетті. Ал 1991 жылы КСРО қайтадан ішкі себептердің әрекетімен өз-өзінен құлады, сыртқы күш-жігерлер мен себеп-салдарлар тек оған қолғабыс қана болды. Әрі апаттық емес, капитулянттық тұрғыда құлады – КОКП-ның (Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы) өзінің батыстық идеологиялық және экономикалық парадигмаға ерікті түрде кірігуі арқылы. Бірақ ол Еуропаның бөлігі емес, Еуразия болғандықтан, кірігу олигархиялық, феодалдық болды да, аса әділетті тәсіл бола қоймады дегенге саяды. Еуразиялық кеңістік әлдебір жекелеген тәуелсіз елдерге бөлініп алды да, көп нәрсені сіңіріп, белгілі бір саяси және экономикалық прогреске ие болды, бірақ нәтижесінде біз көп жағдайда шикізаттық, тауарлық және монетарлық, ал егер тура мәтінмен айтар болсақ, дамыған Батыстың отарлық шылауы болып шықтық. 

 - Бұл Қазақстан мен Ресейге қатысты ма? 

- Иә. Бірақ Еуразияны сырттан басқару мүмкін емес, және де Еуразия табиғи және қаржылық ресурстарды ұзақ және ұятсыз сорып, ішкі отарлықпен пайдалану режімін қолпаштап отыратын жер емес. Және егер Путин болмаса, онда әлдекім бәрібір де еуразиялық дербестікті қалпына келтіру үдерісін бастайтын еді. Және Назарбаевтың осы интеграцияның өте маңызды, тіпті шешуші бөлігі болып табылатыны Қазақстан президентінің өте дәл тарихи сезгіштігі деген сөз. Айтпақшы, оның экономикалық сезгіштігі де жаман емес. Естеріңізде ме, сонау 2009 жылдың ақпанында, яғни әлемдік нарықты бастапқыда қаржылық, ал кейін биржалық дағдарыс сілкіп алғаннан кейін көп ұзамай Қазақстан президенті «Российская газетаға» «Дағдарыстың кілті» («Ключи от кризиса») атты мақаласын жариялап, онда эффектал деп атаған әлемдік долларлық жүйенің өзінің тиімсіздігі мен әділетсіздігі себебінен құлдыраудан қашып құтыла алмайтынын болжаған еді ғой? Өзара айтқанда, қазір солай болып жатыр да. Жаһандық долларлық түзіліс тез беріліп қоятындай емес, ол бүкіл әлем үшін аса ұлы және маңызды, бірақ өсімқор долларлық үстемдік өз қызметін тауысып болды және өзінің тарихи циклын тәмамдауда. 

 - Бұл біз үшін неліктен соншалық маңызды? 

- Көріп отырсыздар ма... Адамзаттың заманауи тұтыну деңгейі, айталық, ұялы телефоннан әйелдер опа-далабына, үйдегі сантехникаға және т.б. дейінгісі, яғни қазіргі сапалы қызметтердің жиынтығы сондай, оларды жеке алынған бір мемлекетте өндіру мүмкін емес, тіпті АҚШ, Германия, Қытай секілді үлкен және ірі елдерде де... Кез келген мемлекет экономикалық тұрғыда көптеген өзге сыртқы субъектілермен өз халқына сапалы өмірді қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттеседі. Осы мағынада әлем жаһанданған. Бірақ... Қазір біздің жүрген және барлық халықаралық институттардың тап бірполярлық форматына кепілдік беретін сол бірполярлық жаһандану тек доллармен ғана сұранысқа ие, себебі долларды өндіретін трансұлттық корпорацияға дәл сол бүкіл әлемің қажет. Қалған барлығына әлемдік ауқымға ие болу аса міндетті де емес. Адамзаттық және экономикалық қызметтің кез келген басқа саласы – ұшақ, пойыз және кеме өндірісі, дәл сол әйелдер опа-далабының, киім, аяқ киім, азық-түлік және т.б. өндірісі – орталықсыздандырылған. Әлемде мұны өндіруге болатын орын жеткілікті, бірыңғай жаһандық нарыққа бірлесу міндетті емес. Әзірге тап сол бірполярлық жаһандану барлық ұлттық егемендіктерді қолдап отыр, өйткені кез келген тәуелсіз елдің егемендігі қазіргі әлемде тым қатысымдық. Ол өзінің экономикалық және саяси жағынан қосылған сыртқы институттар оған егемендікке кепілдік беріп отырғасын ғана егемен. Және бүгінде әлем доллар арқылы бірполярлық түрде жаһанданып отырғасын, барша кішкентай және үлкен, дамыған және дамымаған елдер бірыңғай жаһандық долларлық кеңістікте жүргесін ғана өз егемендігіне ие болып отыр. Ал осы долларлық кеңістік шарасыз түрде ыдырап бітеді – ал қазір дәл сонда үдеріс жүріп жатыр, және Құдай бұйыртса, ол апаттық емес, жұмсақ түрде өтсін – әлемнің фрагменттеуі болады. Және осы тұста Назарбаев өз мақаласында өте-мөте дұрыс айтады, кез келген жағдайда барлық тәуелсіз елдер, қалай болғанда да, қандай да бір басқа мемлекет үстіндегі өндірістік, экономикалық, саяси, идеологиялық, ғылыми-техникалық, білім беру формацияларының айналасына топталатын болады, себебі, қайталап айтамын, заманауи әлемде ешкім жалғыз өзі өмір сүруге қабілетті емес. Және еуразиялық интеграциялық осы мағынада Қазақстан үшін жай ғана баламасыз. Қазір біздің міндетіміз – біздің қайдағы бір одақтық құрылыстарға қайта оралуымыз хақында мұңаймай, керісінше өзіміздің жеке егемен саяси сапамызды қалайша көбірек көтеру жағына талпыну. Яғни өзіміздің жеке мемлекеттігімізді жергілікті өзін-өзі басқаруға, үкіметті құратын көппартиялы парламентке, шынымен тәуелсіз сот жүйесіне және монополиялық болмай, конституциялық түрде заңнамалық және атқарушы биліктің ара қатынасын белгілейтін президенттік күшті билікке сүйеу. Еуразиялық интеграцияға сай келу үшін, Қазақстанның алдында саяси мағынада осындай міндеттер тұр. 

- Еуразиялық интеграциямен байланысты экономикалық проблемалар қаншалықты, Сіздің көзқарасыңыз бойынша? 

- Олар аса қиын, мен тіпті драмаға толы деп айтқан болар едім. Шаруа мынада, біздің экономика аяққа тұрған сыртқа бағдарланған көріністе Ресей біз үшін, қанша бұл ащы, не ренішті, не қауіпті болмасын – ең тиімсіз серіктес. Біздің Еуропамен сауда балансымыз нағыз кереметтің өзі, өйткені біз бар шикізат экспортымыздың көп бөлігін, сапалысын болсын, сонда жөнелтеміз, бірақ қымбат еуропалық тауарларды біршама аз сатып аламыз. Біздің Еуропамен арадағы орасан саудалық пайдамыз бізді құтқарып отыр, біздің экономика үшін Еуропа – сиқыр таяқ. Бізде Қытаймен азды-көпті үйлестірілген сауда айналымы бар, біз онда шикізатты қаншама жібереміз – шамамен дәл сондай сомаға импорттық тауарларды тасимыз, және Қытай біз үшін аз-маз жағымды, теңдестірілген серіктес. Ал Ресеймен бізде толған бәле, Ресейге біз тым аз шикізат өнімін жеткіземіз, ал одан жеткілікті түрде көп аламыз, барлық тауар импортының үштен бір бөлігінен көбі бізде Ресейден. Ресей де біз сияқты дамыған экономикалардың шикізаттық және валюталық шылауына айналса да, ол өз ішінде түсінікті себептер бойынша өндірістік әлеуетті не дегенмен көбірек сақтап қалды. Қазақстан осынау «қырымдар мен санкцияларға» дейін де Ресеймен саудадағы диспаритетті басынан кешіріп келді. Біз сол кезде Ресеймен сауда толғағында аса тиімсіз жағдайда болдық, ал қазір рубльдің құлдырауы сол ескі ауруды жай ғана шұқылап, одан әрі ушықтырып жіберді. Бұл жерде жаңа ештеңе жоқ. Рубльдің құнсыздануы жай ғана ескі жараның бетіне жаңадан себілген тұз болды да қалды. Сол себепті біз үшін тарихи тұрғыда объективті болған еуразиялық шақыру бірлескен даму пішінінде жүзеге асырылуы тиіс. Және тағы бір мәрте қайталаймын, сонда бағыт алып, «әлдебір кедендерді, қандай да бір саудадағы шектеулерді уақытша қалпына келтірейік қанеки» деген сипаттағы барлық шабуылдарды тойтарып Назарбаев өте дұрыс жасайды. Тек алға – қарапайым саудадан ортақ дамуға дегендей ешқандай әңгіме жоқ, бұл тұста да оныкі өте жөн. Алайда алға қозғалыс экономикалық парадигманың өте салмақты өзгерісін қажет етеді. Экспорттық-шикізаттық модельдің аясында Ресеймен экономикалық диспаритетті қалай болса да түзеп алуға болады деп үміттену аңғырттық. Мәселе тіпті қазіргі үкіметтік команданың бұл мағынада мүлде нәтижесіздігінде емес. Мәселе бұл жерде мемлекеттің бар күшін салу қажеттігінде, мұнда таза нарық ештеңеге көмектеспейді, мұнда Ресеймен экономикалық қарым-қатынастар дисбалансын түзетуі тиіс мақсатты мемлекеттік жоспарлау, инвестициялау және экономикалық құрылымдарды несиелеу болуға тиісті. Оған қоса бұның бәрі конфронтациялық, тіпті достастық түрде де емес, керісінше кооперативтік, бірлескен атқарымда жасалуы тиіс. Яғни Қазақстанның Ресеймен арадағы өндірістік әлеуеті ортақ нарықты экспортқа қумай, сыртқы тауарларға, несиелер мен инвесторларға мүлтіксіз тәуелділікте қалмай, аталмыш нарыққа жұмыс істеуі үшін сол әлеует бойынша ортақ шешімдерді келісіп алу керек. Және соңғысы. Біздің Ресейдікі секілді қазіргі экспорттық-шикізаттық моделіміз жаңа ғана құрылған кезде, Қазақстанның да, Ресейдің де монетарлық билігі өте ақылды болмаса да, саналы түрде ұлттық ақшалай эмиссиядан бас тартып, бүкіл инвестициялық және несиелік үдерісті шетелдік негізде құрастырып алды. Міне қалай, қазір теңге мен рубль ұшырап отырған өте көп бәлелер ең ұлттық монетарлық базаның жоқтығымен байланысты. Ол монетарлық база бірінші кезекте құрылуы тиіс, немесе Қазақстанда және Ресейде жеке-жеке пайда болуы тиіс, ал ең жақсысы – бірлескен шешіммен. Қазіргідей 15-20% емес, 2-3%-бен, максимум 4%-бен, несиелік-инвестициялық процесті қамтамасыз ететін Қазақстан Ұлттық банкі мен Ресей Орталық банкінің сондай қызметі қажет-ақ. 

- Сұхбатыңыз үшін рақмет.

adimage