Петропавл әкімдігі бизнес-кластағы екі көлікті сатып алуға шамамен Т23 млн жұмсамақ

Петропавл. 22 мамыр. ҚазТАГ – Петропавл әкімдігі бизнес-кластағы екі көлікті сатып алуға шамамен Т23 млн жұмсамақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Тиісті хабарландыру 21 мамырдағы мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған
Тапсырыс беруші – «Петропавл қаласы кімігі істерінің басқармасы» ҚМБ «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» МБ тиісті сипаттамаларын көрсете отырып, жалпы құны Т22,92 млн тұратын екі көлік сатып алу ниеті туралы хабарлайды.
Сонымен көліктер 2019 жылы шығарылған болуы керек, класы-С, қозғалтқышының көлемі 2,4 литрден кем емес. Міндетті талаптардың ішінде – кілтсіз қосу жүйесі, берілістерді ажыратып қосудың рөласты «жапырақтары», алдыңғы және артқы орындықтардың, сондай-ақ рөл дөңгелегінің жылытылуы. Сонымен қатар тапсырыс берушінің қалауында былғары салон, су жұқпайтын желдететін және алдыңғы қапталындағы әйнек, сонымен қатар ол ультракүлгіннен де сақтауы керек. Аудио-жүйе мен круиз-бақылау басқару тетігі, телефонға арналған тоқсыз қуаттау, мобильді құрылғыны қосу үшін рөлде Bluetooth интерфейсінің болуы – бұл да міндетті талаптардың бірі.
Еске салсақ, 12 сәуірде Петропавлда жаңа әкім тағайындалды, ол 46 жасар Болат Жұмабеков болды.

adimage