Петропавлда Қазақстан мен Азияның пауэрлифтингтен бірнеше мәрте жүлдегерін автобус қағып кетті

Алматы. 22 қараша. ҚазТАГ - Петропавлда Қазақстан мен Азияның пауэрлифтингтен бірнеше мәрте жүлдегері Виктория Шестопалованы автобус қағып кетті, деп хабарлады Петропавловск.news.
«Кеше кешкісін Қазақстан мен Азияның пауэрлифтингтен бірнеше мәрте жүлдегері  Виктория Шестопаловадан айырылдық. Жабаев пен Чайковский көшелерінің қиылысында 21 қараша күні шамамен сағат 18.00-де маршруттық автобус жүргізушісі 23 жасар Петропавл тұрғыны қағып кеткен», - делінген бейсенбідегі хабарда.  
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.    
«Бірқатар сарпатама тағайындалды. Жол-көлік апатының жағдайын анықтауға арналған тергеу амалдары жүргізілуде», - деп көрсетілген Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.  

adimage