Петропавлда бес жасар бала коронавирусты жұқтырды

Петропавл. 3 сәуір. ҚазТАГ - Петропавлда бес жасар бала коронавирусты жұқтырды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Петропавлда тұратын 2015 жылы туған ер бала әкесімен бірге провизорлық стационарда жатыр еді. Оны шығаруға дайындап жатқанда COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Карантин ұзартылды, медициналық бақылау жалғастырылатын болады», - деді жұма күні Солтүстік Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство ақпарынша, бала карантинде коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде жатқызылған.
«Қазір Бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне оқшауландырылды», - деді департаменттен.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 444 жағдайы тіркеліп, 27-сі жазылып, үш адам көз жұмды.

adimage