Петропавлда Есіл өзені суының қауіпті деңгейге жақындауы байқалуда

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Петропавлда Есіл өзені суының қауіпті деңгейге жақындауы байқалуда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Су тасқынының бірінші толқынының тұрақтауына және екінші толқынның келуіне байланысты Есіл ө.- Петропавл қ. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі және 1050 см. қауіпті деңгейге жетуі күтілуде. 1050 см. деңгейде судың «Петропавл тәлімбағы» РМКК бұрылыстағы автокөлік жолы және Мичурино, Прибрежное ауылдарындағы автокөлік жолдары арқылы ағатыны бақыланады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

adimage