Петропавлдағы бес қабатты үйден шыққан өртте бір әйел мерт болды

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – Петропавлдағы бес қабатты үйден шыққан өртте бір әйел мерт болды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«24 қараша күні сағат 23.14 кезінде Петропавл қаласының «101» нөміріне Назарбаев көшесіндегі бес қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар келді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің екінші қабатындағы пәтерде заттар мен жиһаз жанып жатқан. (…)Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде сағат 23.53-те 25 шаршы метр аумақты шарпыған жалын ауыздықталды. Өрт сөндіру қызметі келмей тұрып, куәгерлер 1962 жылғы үй иесін құтқарып алды. Ол ыс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Өрт шыққан пәтерден 1974 жылғы әйелдің денесі табылды», - деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов дүйсенбіде.
Ол нақтылағандай, өрт сөндірушілердің алғашқы әрекеттерімен баспалдақты маршпен 25 адам құтқарылды, соның ішінде 8-і бала, сонымен қатар үшінші қабаттағы пәтерден екі бала құтқарылған.
«Куәгерлердің айтуынша, пәтер иесі бірге тұратын әйел екеуі ішімдік ішіп отырған. Өрт себебі анықталуда. Өртті сөндіруге облыстағы ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен бес бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді Нұрахметов.

adimage