Петропавлдағы ботаникалық бақта 10 жыл дегенде алғаш рет анар гүлдеді

Күні: 11:10, 30-04-2019.

Петропавл. 30 сәуір. ҚазТАГ – Петропавлдағы ботаникалық бақта 10 жыл дегенде алғаш рет анар гүлдеді, деп мәлімдеді бақтың бас агрономы Равиль Рязапов.
«Ресей мен Қазақстан аумағында әдетте анар ашық топырақта өсірілмейді. Біз мұны (гүлдеуін – ҚазТАГ) 10 жыл күттік», - деді Рязапов дүйсенбіде.
Агрономның айтуынша, кішкентай анарлар шамамен екі айда үлкейеді.
Ол атап өткендей, ботаникалық бақ қабырғасында әдеттегі анарлар гүлдеу үшін арнайы жағдай жасалды, ең ашық және күн жақсы түсетін жерлер таңдалып алынды.
«Мүмкін оған күрделі жөндеу жұмыстары кезінде жылыжай биіктігінің үлкейтілгені де себеп болған шығар. (…) Тіпті оңтүстікте, Батумиде де ол өсірілмейді. Тек Түркия секілді оңтүстік елдерде, және Тәжікстанның кейбір өңірлерінде, Әзірбайжанның Алшеро алқабында өсірілуі мүмкін. Ботаникалық топтамалармен алмасу аясында 10 жыл бұрын біз кішкентай көшеттер алғанбыз, соның екеуі биыл гүлдеді. Олардың бірінде түйнек пайда болды, екіншісінен де соны күтіп отырмыз. Жемістер шілде айында піседі деп ойлаймыз», - деді Рязапов.


Жаңалықтармен бөлісу: