Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты

   Петропавл.30 қараша.ҚазТАГ- Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Петропавловск.news.
   «Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты. Сотта оқушыларды өлтіруге оқталған кәмелет жасына толмаған бала кінәлі деп танылып, 6 жыл 9 айға сотталды. Ол жазасын кәмелетке толмағандарды қамауда ұстау үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді»,- делінген іс қағазында.
   13 ақпан күні 9-сынып оқушысы Давид мектепке бетперде киіп келіп, балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған еді.

adimage