Петропавлда Явленское шоссесінің атауы өзгертілді

Күні: 13:34, 17-09-2018.

Алматы. 17 қыркүйек. ҚазТАГ -  Петропавлда Явленское шоссесінің атауы өзгертілді, деп хабарлады Петропавловск.news.
«Явленское шоссенің атауы Қожаберген жырау ат. көше деп өзгертуді шештік,   тиісті маңдайшалар да жасалды. Бұл жерде темір жол арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмыстары аяқталуда және жақында Қожаберген жырау ат. көше мен Жамбыл көшесінің қиылысында осы екі қайраткердің ескерткіші орнатылады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, бұрынғы атауы көшеге 1961 жылы берілген екен, оның ешқандай тарихи мәні жоқ. Бұл Явленка ауылына қарай кететін жол, бірақ ол жақта басқа да ауылдар бар. Көшенің атын ауыстыру туралы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Абай Тасбұлатов өтініш жасаған. Қожаберген жырау (1663-1763 жж.) – әйгілі ақын, музыкант, қолбасшы. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.   Ол Тәуке ханның заңдар жинағын құрастырушылардың бірі. Көбіне оның «Жеті жарғы» тарихи поэмасы белгілі. Поэмада ол қазақ халқының жағдайын суреттеген.  


Жаңалықтармен бөлісу: