Петропавлда жалған купюраларды сатқаны үшін ресейлік сотталды

Петропавл. 3 маусым. ҚазТАГ – Петропавлда жалған купюраларды сатқаны үшін ресейлік сотталды, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігі (ҚМ) қаржылай мониторинг комитетінің (ҚМК) баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан аумағында номиналы 500 еуролық жалған купюраны өткізуді жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ құрамына енген тұлғаларға қатысты айыптау үкімі шықты. (…) Қылмыс жасауға тікелей қатысқан Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарылып, оған мүлкiн тәркiленумен, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, қылмыс жасауда серіктес болған тұлғаларға 5 жылға пробация бақылауын белгілеумен шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода нақтыланғандай, Петропавл қалалық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 264-бабы 2-бөлімі, 231-бабы 3-бөлімі, 190-бабы 4-бөлімі, 392-бабы 1-бөлімі, 218-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды.
Хабарда атап өтілгендей, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу барысында жалған ақша жеткізу каналының жолын кескен.
«Тергеу амалдарын жүргізу барысында айналымнан 500 еуро номиналындағы 151 жалған купюра алынды», - делінген хабарда.

adimage