Петропавлдық Назгүл Маратова самбодан әлем чемпионы атанды

Күні: 15:37, 14-10-2014.

Петропавл. 14 қазан. ҚазТАГ – Петропавлдық Назгүл Маратова самбодан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық (СҚО) дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
«Назгүл Маратова Сеулде (Оңтүстік Корея) 8-11 қазанда самбодан өткен жастар чемпионатына қатысып, 75 кг-нан астам салмақ категориясында чемпион атанды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз хатшысы  Дарья Тушина сейсенбі күні.
Спортшы қыздың бапкері Нұрлан Ерғазиновтың айтуынша, чемпионатта Назгүл екі рет кілемге шығып, финалға шығар алдында ресейлік қызды жеңіп, финалда украиндық балуанмен кездесіп, жан ауыртатын әдіспен жекпе-жекті мезгілінен бұрын аяқтап, чемпион атанды», - деді Нұрлан Ерғазинов.
18 жасар Назгүл Маратова 2014 жылғы Азия чемпионы атанды.
«Назгүл үшін спорттың осы түрі өте келешегі зор, ол чемпион бола алады, ол өте еңбекқор және төзміді, күшті қыз, спортта көп нәрсеге қол жеткізе алады», - деп бапкер қадап айтты.  


Жаңалықтармен бөлісу: