Пневмониядан қайтқан дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы төленеді – Шөкеев

Шымкент. 10 шілде. ҚазТАГ – Пневмониядан қайтқан дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы төленеді, деп хабарлады Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.
«Қиын сәтте науқастарға көмектесу үшін қолынан келгендерін аямайтын дәрігерлердің еңбегіне баға жетпейді. Сол үшін де менің оларға алғысым шексіз. Өкінішке орай індет кезінде қайтыс болған дәрігерлер де бар. Біздің міндет – олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету», - деп мәлімдеді Шөкеев Өңірлік орталық коммуникация қызметіндегі онлайн-брифингте.
Хабарда нақтыланғандай, Түркістан облысында коронавирусты инфекцияны 132 медициналық қызметер жұқтырған, оның 24-і жазылған. Бес дәрігер пневмониядан қайтыс болды.
Хабарда атап өтілгендей, өңірде 17 368 медициналық қызметкер коронавирусты инфекциямен күрес аясында індетке қарсы шараларға тартылған, наурыз-маусым айларында ауру жұқтыру бойынша үш тәуекел тобына Т2 867,1 млн. көлемінде үстеме төленген.

adimage