Алматы. 3 тамыз. ҚазТАГ – Пневмониядан Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахымбекова қайтыс болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан қоғамы үшін орны толмас қайғы болды... Қазақстан Азаматтар альянсының президенті, қоғам қайраткері, белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахымбекова Салтанат Темірқұлқызы қайтыс болды! Иманы саламат болсын, Алла алдынан жарылқасын!», - деп жазды ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев Facebook парақшасында.
Белгілі қоғам қайраткері 55 жаста еді.
Рахымбекова ҚазКСР Шымкент облысы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын аяқтаған. 1992 жылы – Мәскеуде, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын тәмамдаған. 2001 жылы – Қарағандыдағы Е.А.Букетов ат. мемлекеттік университетін аяқтаған. Қарағанды облыстық мәслихатының 2-ші шақырылымының депутаты болған. ҚР құрылыс және ТҮКШ істері жөніндегі агенттіктің құрылымдық бөлімшесінде жұмыс жасаған, «Астана Экспо – 2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры болған. Рахымбекова «Созидание» халықаралық қоғамдық сыйлығының лауреаты. Аудан алдындағы ерен еңбегі, мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін оған «Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының құрметті азаматы» белгісі берілді.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02