Полицейлер Атырау облысы аудандарында айықтырғыштар ашуды сұрауда

Атырау. 11 сәуір. ҚазТАГ - Полицейлер Атырау облысы аудандарында айықтырғыштар ашуды сұрауда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қалада мас күйінде ұсталғандарды уақытша ұстауға арналған кереует орындарының саны - 20. Аудандарда ондай жоқ. Мас күйдегі адамдарды уақытша ұстау орталығындағы орын санын 40-қа жеткізу және сондай орталықтарды аудандарда ашуды да қарастыру ұсынылуда», - деді Атырау облысы полиция департаментінің (ПД) жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Қаиров.
Оның ақпарынша, қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін (2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚазТАГ) 11 346 адам ұсталған.
«Мас күйде жасалған қылмыс саны 4,5% азайған», - деді Қаиров.

adimage